Күйеуінің бүйрегін сатуға мәжбүрлеген әйел ақшаны алып көңілдесімен қашып кетті
Фото: freepik.com Үндістандық әйел күйеуін алдап, бүйрегін сатуға мәжбүрлеген. Кейін тапқан ақшаны алып, көңілдесімен бірге қашып кетті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы Oddity Central басылымына сілтеме жасап. Үндістандағы Батыс Б

Фото: freepik.com
Үндістандық әйел күйеуін алдап, бүйрегін сатуға мәжбүрлеген. Кейін тапқан ақшаны алып, көңілдесімен бірге қашып кетті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы Oddity Central басылымына сілтеме жасап.
Үндістандағы Батыс Бенгал штатының тұрғыны қызының оқу ақысын төлеймін деп алдап, күйеуін «қара нарықта» бүйрегін сатуға мәжбүрлеген. Алайда әйел ақшаны қызының оқуына жұмсамай, 11 500 долларды қалтасына басып, көңілдесімен бірге қашып кеткен.
Жәбірленушінің айтуынша, әйелі оны бүйрегін сатуға айлап көндірген. Осы қаражат қыздарының оқуын жауып, оның болашағының жарқын болуына септігін тигізетінін айтқан. Ер адам Үндістанда ағзаларды сатудың заңсыз екеніне қарамастан, сатып алушыны тауып, күрделі ота жасатқан.
Кейін әйелдің әлеуметтік желіде басқа еркекпен танысып, отбасын тастап кетуді жоспарлап жүргені анықталды. Қаражатсыз қалмас үшін, күйеуін алдап, арам ойын іске асырған. Әйелінің жоғалып кеткенін білген соң ер адам полицияға жүгінген. Полиция алаяқты Үндістанның басқа бөлігінен тапты. Алайда күйеуі мен қызының отбасына қайта оралуын сұрап, жалынғанына қарамастан әйел ажырасуға бел байлаған.
Related

News
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

News
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

News
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·

News
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·