Todayinfo.kz
NewsView all articles

"Күнделік" орнына BilimClass: Алматы білім басқармасының жоспарына сот тосқауыл қойды

"Күнделік" ЖШС сотта жеңіске жетті. Алматы білім басқармасына мектептерді BilimClass платформасына ауыстыруға уақытша тыйым салынды.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
"Күнделік" орнына BilimClass: Алматы білім басқармасының жоспарына сот тосқауыл қойды

Алматы қаласының мектептерінде "Күнделік" платформасын BilimClass жүйесіне ауыстыруға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы "Күнделік (Kundelik)" ЖШС-нің Алматы қаласының білім басқармасына қарсы ашқан сотының нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот білім басқармасының әрекеттерін шектейтін ұйғарым шығарды.

Сот қаулысы бойынша, қалалық білім басқармасына, оған қарасты барлық аудандық бөлімдер мен мектептерге "Күнделік" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің орнына BilimClass немесе кез келген басқа платформаны енгізуге, тестілеуге немесе ауыстыруға бағытталған барлық әрекетке тыйым салынды.

Сонымен қатар, сот оқушылардың, ата-аналардың және білім беру қызметкерлерінің дербес деректерін "Күнделік" жүйесінен BilimClass секілді басқа ақпараттық жүйелерге көшіруге, жүктеуге немесе беруге болмайтынын нақтылады. Бұдан бөлек, Алматы мектептерінде балама цифрлық платформаларды енгізуге қатысты жаңа шарттар жасасуға да шектеу қойылды.

Бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ. Оған Алматы қалалық сотында шағым түсіруге болады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

"Күнделік" орнына BilimClass: Алматы білім басқармасының жоспарына сот тосқауыл қойды · Todayinfo