Лас ауа, түтін астындағы қала: Алматыда аллергиямен қиналып, тыныс алуы қиындаған адамдар саны көбейді
Алматыда аллергиялық және тыныс алу мүшелерінің созылмалы ауруларының таралуы артып отыр. Сол себепті №1 Қалалық клиникалық аурухана базасында аллергология және пульмонология бағыттары бойынша екі Құзырет орталығын құру жоспарланған. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ө

Алматыда аллергиялық және тыныс алу мүшелерінің созылмалы ауруларының таралуы артып отыр. Сол себепті №1 Қалалық клиникалық аурухана базасында аллергология және пульмонология бағыттары бойынша екі Құзырет орталығын құру жоспарланған. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бұл құрылымдар халық денсаулығын қорғау жүйесінде маңызды рөл атқарады, өйткені №1 ҚКА осы бейін бойынша арнаулы жалғыз медициналық ұйым.
2025 жылы №1 ҚКА стационарында аллергиялық аурулармен 1 926 пациент емделді. Дәрігерлер ауруханада жатып емделгендер санының артқанын тіркеп отыр: 2024 жылы бейінді бөлімшеде 927 науқас ем қабылдаған.
Бір жыл ішінде аурухананың қабылдау бөліміне 26 059 адам жүгінген. Оның шамамен 15 мыңы жедел аллергиялық реакциямен, ал 3 мыңға жуығы тыныс алу мүшелерінің ауруларымен түскен. Пациенттердің басым бөлігі ауыр жағдайда шұғыл түрде жеткізіліп, жедел медициналық көмек пен стационарлық емді қажет етеді. Ауруханаға жатқызу құрылымында жас және орта жастағы әйелдер басым.
Аллергология және пульмонология бойынша Құзырет орталықтары қаладағы медициналық ұйымдарға әдістемелік қолдау көрсетеді. Бұл пациенттерді бағыттаудың бірыңғай жүйесін құруға, көпбейінді стационарлар мен емханалардың жұмысында заманауи тәсілдер енгізуге және Алматының әр ауданында арнаулы көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Аллергология бойынша Құзырет орталығы аллергиялық ауруларды ерте анықтауға, заманауи аллергодиагностика және емдеу әдістерін енгізуге, асқынулар мен ауруханаға жатқызу санын азайтуға, сондай-ақ пациенттердің өмір сапасын жақсартуға бағытталады. Тиімділік көрсеткіштері ретінде арнаулы көмекпен қамтуды кеңейту, шұғыл жағдайды азайту және созылмалы ауруларды бақылауды жақсартады.
Пульмонология бойынша Құзырет орталығы бронхиалды астманың, оның ішінде ауыр түрлерін, өкпенің созылмалы обструктивті ауруларын, интерстициалды өкпе ауруларын, ковидтен кейінгі жағдайды және тыныс алу жеткіліксіздігін емдеуге жоғары технологиялық көмек көрсетуге басымдық береді. Мұнда клиникалық хаттамалар енгізіліп, кеңестік қолдау көрсетіліп, күрделі клиникалық жағдай қарастырылады. Жұмыстың тиімділігі ауыр асқынулар мен өлім-жітімді азайту, ауруханаға жатқызу мерзімін қысқарту және ауруы бақылауда болатын науқастар үлесін арттыру арқылы бағаланады.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов екі апта ішінде пульмонологиялық және аллергологиялық қызметті дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырды. Қазіргі уақытта №1 ҚКА-да Алматыдағы жалғыз бейінді бөлімшелер жұмыс істейді: 30 орындық аллергология бөлімі, жалпы қуаты 100 орын болатын үш пульмонология бөлімі, 90 орындық медициналық оңалту және 15 орындық кеуде бөлігінің хирургиясы бөлімшелері. Стационардың жалпы қуаты - 425 орын. 2025 жылы ауруханаға 16 198 науқас жатқызылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,5 пайызға көп.
Related

News
В Казахстане подписан закон о Президенте и институте Вице-Президента
Жаннұр Еділбаева·

News
На границе Казахстана изъяты наркотики, оружие и товары на сотни миллионов тенге
Жаннұр Еділбаева·

News
Экологические вопросы Каспийского моря обсудил Маулен Ашимбаев с жителями Атырау
Жаннұр Еділбаева·

News
Халықаралық «қазақ тілі» қоғамы мен Openai серіктестігінің алғашқы нәтижелері ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·