Todayinfo.kz
NewsView all articles

Лукашенко тағы 22 адамды рақымшылықпен босатты: арасында 15 әйел бар

Помилование кезінде 15 әйел мен 7 ер адам босатылды, олардың 11-інде жас бала бар.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Лукашенко тағы 22 адамды рақымшылықпен босатты: арасында 15 әйел бар

Беларусь президенті Александр Лукашенко 22 адамға рақымшылық жасады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, босатылғандардың ішінде 15 әйел мен 7 ер адам бар. Олардың 11-інде кәмелет жасына толмаған балалары бар.

Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Лукашенконың кезекті рақымшылығы Минскінің Батыспен қарым-қатынасындағы жаңа кезеңге сәйкес келіп отыр. Бұдан бұрын, Дональд Трамп АҚШ президенті болып қайта оралған соң, оның әкімшілігі Беларусьпен диалог орната бастаған еді.

Нәтижесінде маусымда оппозициялық саясаткер әрі президенттікке үміткер Светлана Тихановскаяның жұбайы Сергей Тихановский түрмеден шығарылды. Шілдеде тағы 16 адам, ал 11 қыркүйекте 52 адам (оның 39-ы — Беларусь азаматтары) бостандық көрді.

Саяси тұтқындар неге босатылып жатыр?

Желтоқсанның 13-і күні Лукашенко 123 адамды босатты. Арасында кең танымал оппозиционерлер Мария Колесникова мен Виктор Бабарико да бар болатын.

АҚШ бұл қадамға жауап ретінде Беларуське салынған кейбір санкцияларды жұмсартты. Сарапшылар бұл процесті Минск пен Батыс арасындағы қарым-қатынаста "жылымық кезеңі" деп сипаттап отыр.

Жаңа босатылған 22 адамның аты-жөндері әзірге жарияланған жоқ. Сарапшылар бұл процестің жалғасу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Related

Лукашенко тағы 22 адамды рақымшылықпен босатты: арасында 15 әйел бар · Todayinfo