МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие бола алады. Бұл туралы Жетісу облысының әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті.
МӘМС келесі медициналық қызметтерді қамтиды:
– профилактикалық медициналық тексерулер; – учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі; – созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы; – уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету; – халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету; – диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ); – мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек; – медициналық оңалту; – стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.«Сақтандырылған» мәртебеңіз бола тұра, емханада медициналық көмекке жүгіну кезінде қиындықтар туындаса бірден пациенттерді қолдау қызметіне (әрбір емханада бар) немесе қордың ресми байланыс арналары колл-орталық 1414 нөмірі немесе Qoldau мобильдік қосымшасы арқылы өтініш қалдыруға болады.




