Бұрынғы Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Президент Әкімшілігіндегі маңызды лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне келді.
Елнұр Бейсенбаев 1986 жылы туған. Еңбек жолын 2009 жылы «Нұр Отан» (қазіргі «Amanat») партиясының жастар қанаты «Жас Отан» ұйымында бастаған. 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII және VIII шақырылымдарының депутаты болды.
Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі елдегі қоғамдық-саяси ахуалды талдау, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау сияқты маңызды міндеттерге жауап береді.
Фото: Әлеуметтік желіден




