"Бұл аспаптар біз үшін өте ыстық. Себебі бұл – әлемнің әр түкпірінен жиналған, түрлі халықтың ұлттық мұрасын танытатын құнды дүниелер. Әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Осы аспаптарды тарту еткен барша азаматқа алғысымыз шексіз", - деді Светлана Айтбаева.«Димаш: бір дауыс – мың ел» көрмесі бір ай бойы жалғасады. Ол Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24а мекенжайында орналасқан Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде өтеді. Фото: Алматы әкімдігі
Көрмеге кел: Димаш Құдайбергеннің 70 музыкалық аспабы бар болып шықты
Алматыда Димаш Құдайбергеннің «Димаш: бір дауыс – мың ел» көрмесі ашылды. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 70 аспап қойылған.

Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жеке коллекциясынан құралған «Димаш: бір дауыс – мың ел» атты көрмесі ашылды. Әншінің өзі қатысқан салтанатты шарада оның жеке қорындағы 70-ке жуық музыкалық аспап көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Экспозицияда Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері сыйға тартқан бірегей аспаптармен қатар, оның сахналық костюмдері де қойылған. Көрермендердің ерекше назарын аударған жәдігерлердің бірі – поп-мәдениет жұлдызы Майкл Джексоннің жеке стилисі Гоко Залдидің Димашқа арнап тіккен сахналық киімі болды.
Көрменің ең әсерлі сәттерінің бірі – Димаштың музей қорына жеке екі домбырасын табыстауы. Оның бірі – әншіге атасы сыйлаған, бала күнінен серік болған аспабы. Осылайша, өнер иесі өзі үшін ең қымбат дүниелерін халқымен бөлісті. Өз кезегінде музей ұжымы Димашқа ұлы Абай Құнанбайұлының домбырасының дәл көшірмесін сыйға тартты.
Әншінің әкесі Қанат Айтбаев бұл көрменің ұлттық өнерді ұлықтап, әлем халықтарының музыкалық мұрасын бір жерге тоғыстырған маңызды бастама екенін атап өтті. Ал анасы Светлана Айтбаева жәдігерлердің отбасы үшін рухани құндылығына тоқталды.
Related

News
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

News
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

News
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

News
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·