Маймыл шешегі. Бас санитар қаулы қабылдады
Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Н.Сәдуақасов «Қазақстан Республикасына маймыл шешегінің әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу» туралы қаулыға қол қойды. Шетелдік студенттерді, атап айтқанда,

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Н.Сәдуақасов «Қазақстан Республикасына маймыл шешегінің әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу» туралы қаулыға қол қойды.
Шетелдік студенттерді, атап айтқанда, соңғы 21 күн ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған тізімге сәйкес маймыл шешегі бойынша эндемиялық елдерден келген немесе оларға барған Қазақстан азаматттары медициналық бақылау тапсырылды.
Көлік министрлігіне дене қызуы жоғары адамдарды қашықтықтан анықтауға арналған температураны байланыссыз өлшеу жүйесін орнату, көліктерде жеке қорғаныш құралдарының (бетперделер, қолғаптар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының болуын және тағы басқа шараларды қабылдау жүктелді.
Қаржы министрлігіне мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды күшейту тапсырылды.
Қаулы 28 тамызда күшіне енеді.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·