Абай облысы Мақаншы ауданының прокуратурасы мектептердің бірінде бюджет қаражаты жымқырылғанын әшкереледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
“Мекеменің бас есепшісі ай сайын өзіне екі есе жалақы есептеп отырған, сондай-ақ, іс жүзінде жұмыс істемеген жұбайына заңсыз жалақы аударған. Заңсыз әрекет салдарынан 18 млн теңгеден аса бюджет қаражаты жымқырылған”, - деп жазылған хабарламада.
Аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Келтірілген залал ішінара өтелген.




