Todayinfo.kz
NewsView all articles

Маңғыстаудағы аққулар өлімі: инспекция мұны «қалыпты жағдай» деп атады

Маңғыстауда теңіз жағалауынан 20-ға жуық аққудың өлексесі табылды. Экологтар судың таза екенін айтса, инспекция мұны қалыпты жағдай деп отыр.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Маңғыстаудағы аққулар өлімі: инспекция мұны «қалыпты жағдай» деп атады

Маңғыстау облысында теңіз жағалауынан аққулардың өлексесі табылып, жергілікті тұрғындарды алаңдатты. Алайда, мамандар теңіз суынан ластаушы заттар таппағанын және бұл құстардың өлімін «қалыпты жағдай» деп санайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Экология департаментінің мәліметінше, 10 ақпанда Сайын Шапағатов ауылы мен Ақтау қаласының жағалауындағы үш түрлі аумақтан теңіз суының сынамалары алынған. Зертханалық талдау нәтижесінде су құрамынан қандай да бір ластаушы заттар анықталмаған.

Өз кезегінде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы бұл жағдайға қатысты түсінік берді. Ведомство өкілдері аймақта 25 мыңға жуық құс қыстайтынын атап өтті.

"Аймақта шамамен 25 000 құс қыстайды. Сондықтан жиырма шақты аққудың өлімі қалыпты жағдай саналады", - деп түсіндірді инспекция.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Маңғыстаудағы аққулар өлімі: инспекция мұны «қалыпты жағдай» деп атады · Todayinfo