Todayinfo.kz
Atyrau RegionView all articles

"Маңызды саяси бастамалардан ешқашан тыс қалмаймыз": Атырау МӨЗ Жаңа Конституцияны қолдауға шақырды (ВИДЕО)

Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін күшейтуге, еңбек адамдарының мүддесін қорғауға және қоршаған ортаны сақтау мәселелеріне ерекше мән береді. Бұл қағидаттар өндіріс саласы үшін де аса маңызды. Өнеркәсіп орындарында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
"Маңызды саяси бастамалардан ешқашан тыс қалмаймыз": Атырау МӨЗ Жаңа Конституцияны қолдауға шақырды (ВИДЕО)

Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін күшейтуге, еңбек адамдарының мүддесін қорғауға және қоршаған ортаны сақтау мәселелеріне ерекше мән береді.

Бұл қағидаттар өндіріс саласы үшін де аса маңызды. Өнеркәсіп орындарында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмысшылардың құқықтарын сақтау және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану – басты басымдықтардың бірі саналады.

Нұрлан Ещанов, «АМӨЗ» ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженері:

«Атырау мұнай өңдеу зауыты – 80 жылдық тарихы бар, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып келе жатқан ірі өндірістік кәсіпорындардың бірі. Сондықтан біз мемлекет үшін маңызды саяси бастамалардан ешқашан тыс қалмаймыз.

Жаңа Конституция – ел дамуының негізгі бағытын айқындайтын, қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықты нығайтатын маңызды құжат. Онда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету нормаларының Конституциялық деңгейде бекітілуі әрбір қызметкердің өмірі мен денсаулығын қорғауға берілген нақты кепілдік деп санаймын.

Сонымен қатар, Нұрлан Ещанов табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қағидаттарының айқындалуы мұнай өңдеу саласы үшін де ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

«15 наурызда өтетін референдум – еліміздің болашағына қатысты маңызды шешім. Біз бұл саяси науқаннан шет қалмаймыз. Сондықтан «АМӨЗ» ЖШС ұжымы алдағы референдумға қатысып, Жаңа Конституцияны қолдайды. Бұл – елдің тұрақты дамуына үлес қосу және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің көрінісі», - дейді «АМӨЗ» ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Атырауский Нпз (@atyrauskiynpz)

Related

"Маңызды саяси бастамалардан ешқашан тыс қалмаймыз": Атырау МӨЗ Жаңа Конституцияны қолдауға шақырды (ВИДЕО) · Todayinfo