Todayinfo.kz
Almaty RegionView all articles

Марат Сұлтанғазиев: тәртіп пен заңның үстемдігі – кез келген мемлекеттің мызғымас негізі

Алматы облысының әкімі өңір халқына үндеу жасады, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Қадірменді жерлестер, ардақты ағайын! Дана халқымыз қашанда аталы сөзге тоқтап, ел тағдыры шешілер сын сағатта дала демократиясының алтын діңгегі – билер институтының даналығына жүгінген

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп пен заңның үстемдігі – кез келген мемлекеттің мызғымас негізі
Алматы облысының әкімі өңір халқына үндеу жасады, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Қадірменді жерлестер, ардақты ағайын! Дана халқымыз қашанда аталы сөзге тоқтап, ел тағдыры шешілер сын сағатта дала демократиясының алтын діңгегі – билер институтының даналығына жүгінген. «Тура биде туған жоқ» деген ұстанымды ту еткен бабаларымыз ең күрделі мәселелерді бірлікпен, парасатпен және ортақ келісіммен шеше білді. Осынау ұлы далада қалыптасқан әділдік пен тұтастық жолы – бүгінгі мемлекеттігіміздің басты тірегі. Алдағы 15-наурыз – сол тарихи сабақтастықтың заңды жалғасы, еліміздің ертеңін айқындайтын жауапты сәт. Референдум – бұл әрбір азаматтың өз тағдырына, мемлекет ісіне тікелей араласуына берілген шынайы мүмкіндік. Бұл күні тек таңдау жасап қана қоймай, бабалар аманатына адалдығымызды танытып, келер ұрпақ мақтанатын әділетті қоғамның іргетасын бекітеміз. Тәртіп пен заңның үстемдігі – кез келген мемлекеттің мызғымас негізі. Сондықтан құқықтық жүйені нығайту арқылы біз тұрақтылық пен әділеттіліктің сақталуына жол ашамыз. Предстоящий референдум — это не просто политическое событие, это момент личной ответственности перед историей и будущими поколениями. В такие периоды особенно важно укреплять роль закона, который служит гарантом стабильности и справедливости в нашем обществе. Наш регион всегда был оплотом порядка, где верховенство права и сопричастность к судьбе родного края являются естественным проявлением гражданского долга. Баршаңызды осы тарихи кезеңде азаматтық белсенділік танытуға шақырамын. Әр азаматтың дауысы – Отанға деген сүйіспеншілік пен болашаққа деген нық сенімнің айғағы болмақ. Бірлігіміз бекем, таңдауымыз нық болсын.

Related

Марат Сұлтанғазиев: тәртіп пен заңның үстемдігі – кез келген мемлекеттің мызғымас негізі · Todayinfo