Алматының Түрксіб ауданында 32 жастағы ер адамның өліміне байланысты қылмыс жедел түрде ашылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ер адамның денесі жекеменшік тұрғын үй аумағындағы уақытша жалға берілетін баспанадан табылған.

Тергеу барысында полицейлер марқұмның соңғы уақытта араласқан адамдарын анықтап, күдіктінің жеке басын қысқа мерзімде белгілі еткен. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға алдында күдікті мен жәбірленуші бірге спирттік ішімдік ішкен. Кейін олардың арасында жанжал туындап, соның салдарынан ер адам ауыр жарақат алған.

Полицияның дерегінше, күдікті қылмыстың ізін жасыру мақсатында мәйітті тағамдық үлдірге орап, оны басқа жерге апаруды көздеген.

Мәйіттің табылғаннан кейін бірнеше сағаттан соң күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.