Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Мазасыз Маңғыстау: жалақының аздығына шағымданған жұмысшылар Тоқаевқа үндеу жасады

Фото: Видеодан скрин Маңғыстауда ондаған адам қарсылық акциясын өткізді. «TES Service Company» ЖШС жұмысшылары жалақының көтерілуін талап етіп, президентке үндеу жасады, деп хабарлайды Todayinfo. Lada.kz мәліметінше, үндеу жасаған жұмысшылар бұған дейін «Ftc Win» аутсорсингтік ко

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Мазасыз Маңғыстау: жалақының аздығына шағымданған жұмысшылар Тоқаевқа үндеу жасады
Фото: Видеодан скрин Маңғыстауда ондаған адам қарсылық акциясын өткізді. «TES Service Company» ЖШС жұмысшылары жалақының көтерілуін талап етіп, президентке үндеу жасады, деп хабарлайды Todayinfo. Lada.kz мәліметінше, үндеу жасаған жұмысшылар бұған дейін «Ftc Win» аутсорсингтік компаниясында жұмыс істеген. Кейіннен оларды «TES Service Company» ЖШС жүмысұа ауыстырған. Бүгін 3 наурызда жұмысшылар, оның ішінде, электршілер, вахтерлер, аула сыпырушылар, темір ұсталары, сантехниктер үндеу жасаған. Олардың басты талабы – жалақыны көтеру. Айтуларынша, қара жұмыс істейтін жұмысшылардың жалақысы 200 мың теңге шамасында. Олар табыстың азық-түлік алуға жетпейтінін айтып шағымданды. Жұмысшылар үндеуін президент Тоқаевқа, “Қазмұнайгаз” төрағасы Асхат Хасеновке, облыс басшысы Нұрдәулет Қилыбайға, Жаңаөзен әкімі Жансейіт Қайнарбаевқа, “Өзенмұнайгаздың” бас директоры Жанболат Саймағамбетовке жолдады.

Related

Мазасыз Маңғыстау: жалақының аздығына шағымданған жұмысшылар Тоқаевқа үндеу жасады · Todayinfo