Медальсыз: Қазақстан құрамасы Универсиада хоккей турнирінен шығып қалды
Қазақстан құрамасы турнирдегі соңғы матчын бүгін түнде өткізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz . Туринде өткен қысқы Универсиадада Қазақстанның хоккей құрамасы Швеция мен Оңтүстік Корея құрамаларын ойсырата жеңіп, сәтті бастама жасаған болатын. Алайда кейінгі ойындарда канадалықтарм

Қазақстан құрамасы турнирдегі соңғы матчын бүгін түнде өткізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Туринде өткен қысқы Универсиадада Қазақстанның хоккей құрамасы Швеция мен Оңтүстік Корея құрамаларын ойсырата жеңіп, сәтті бастама жасаған болатын. Алайда кейінгі ойындарда канадалықтармен буллит сериясында жеңіліп, АҚШ құрамасына да есе жіберді. Нәтижесінде команда топтық кезеңде үшінші орын алып, плей-оффқа шықты.
Ширек финалда Қазақстан құрамасының қарсыласы Словакия командасы болды. Ойын 2:1 есебімен словактардың пайдасына аяқталды. Қазақстан құрамасының жалғыз голын Ян Тютюньков соқты.
Осылайша, Туринде өткен Универсиадада Қазақстанның хоккей құрамасы өз өнерін аяқтады.
2023 жылы АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен алдыңғы студенттік ойындарда Қазақстан хоккей құрамасы қола медаль жеңіп алған еді.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·