«Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстан мен Қытайдың ықпалдастығы қарқынды әрі сан қырлы сипат алғанын айтты. Екі ел арасында белсенді саяси диалог қалыптасты, сауда-экономикалық әріптестік өркендеді, мәдени байланыстар жанданды және білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобалардың саны артты. Қауіпсіздік саласында, әсіресе, «үш зұлым күшке» қарсы күрес бағытында тығыз ынтымақтастық орнаған. Бұдан бөлек, елдеріміздің БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК аясындағы, сондай-ақ «Орталық Азия – Қытай» форматындағы халықаралық байланыстары белсенді өрбіп келеді. Президенттің айтуынша, Қазақстан мен Қытай тату көршілік қарым-қатынастың нағыз үлгісін көрсетіп отыр. Өз кезегінде Қытай елшісі Чжан Сяо Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Бейжіңнің жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға бейіл екенін растады. Мемлекет басшысы Чжан Сяоның қазақ-қытай достығын табысты дамытуға, мемлекетаралық байланыстарды тереңдетуге қосқан үлесін жоғары бағалап, II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады», - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мемлекетаралық байланысты тереңдетті: Тоқаев Қытай елшісінің кеудесіне орден тақты
Фото: Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Чжан Сяоны қабылдап, дипломатты марапаттады, деп хабарлайды Todayinfo. Кездесу барысында президент Қазақстан мен Қытайды ғасырларға ұласқан берік достық пен тату көрш

Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Чжан Сяоны қабылдап, дипломатты марапаттады, деп хабарлайды Todayinfo.
Кездесу барысында президент Қазақстан мен Қытайды ғасырларға ұласқан берік достық пен тату көршілік қатынастар байланыстыратынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, өзара сенім мен құрметке негізделген тиімді ынтымақтастықтың нығаюына екі тарап та үлес қосып келеді.
Related

AQORDA
Қ. Тоқаев пен Н. Христодулидистің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда өтті
Айдар Керім·

AQORDA
Ержан Жиенбаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды
Айдар Керім·

AQORDA
Қ. Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
Айдар Керім·

AQORDA
Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэні қабылдады
Айғаным Нариманова·