Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Менің де немерелерім бар»: соғыс туралы айтқан палестиналық елші БҰҰ жиынында көз жасын төкті

Палестина дипломаты Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісінда Газада жапа шегіп жатқан балалардың жағдайын айтып, жылап жіберді, деп хабарлайды Todayinfo. «Төзу мүмкін емес... Менің немерелерім бар, әр отбасы үшін баланың орны бөлек. Палестиналықтардың бастан кешіп

By Жаннұр Еділбаева··2 min read
«Менің де немерелерім бар»: соғыс туралы айтқан палестиналық елші БҰҰ жиынында көз жасын төкті
Палестина дипломаты Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісінда Газада жапа шегіп жатқан балалардың жағдайын айтып, жылап жіберді, деп хабарлайды Todayinfo.
«Төзу мүмкін емес... Менің немерелерім бар, әр отбасы үшін баланың орны бөлек. Палестиналықтардың бастан кешіп жатқанын көре отыра,қол қусырып отыру – кез келген есі сау адам үшін көтере алмайтын жағдай», - деді ол.
Айта кетсек, 2023 жылдың 7 қазанында палестиналық ХАМАС қарулы тобы Израиль шекарасына басып кіріп, 1400-ден астам израильдікті өлтіріп, 200-ден астам адамды кепілге алып кеткен. Израиль жауап ретінде 9 қазанда ХАМАС-қа қарсы «Темір қылыш» әскери операциясын бастады. Израиль әскері Газадағы ХАМАС нысандарына әуе соққыларын жасап, азаматтық инфрақұрылымдарды да нысанаға алды. Сол күні Израиль Газаны толық блокадаға алды, яғни су, азық-түлік, электр энергиясы және дәрі-дәрмек жеткізілімдерін тоқтатты. Газа билігінің мәліметінше, Израиль операциясы басталғалы бері 54 000-нан астам палестиналық қаза тапқан, анклавтың басым бөлігі үйінділерге айналған. 2025 жылдың 15 қаңтарында Израиль мен ХАМАС арасында үш кезеңнен тұратын атысты тоқтату келісімі жасалды. Бұл келісімнің бірінші кезеңі 6 аптаға созылатын атысты тоқтату, екінші кезеңі Газадағы барлық израильдіктерді босату және палестиналық тұтқындарды алмасу, үшінші кезеңі Израиль әскерінің Газадан шығуы мен секторды қалпына келтіру жұмыстарын қамтиды. Алайда, наурыз айында бұл келісім бұзылып, атыс қайта басталды.

Related

«Менің де немерелерім бар»: соғыс туралы айтқан палестиналық елші БҰҰ жиынында көз жасын төкті · Todayinfo