- Тамақтандыру қызметін аутсорсингке беру
«Radon KZ» ЖШС-мен 177,7 млн теңгеге келісім жасалып, нәтижесінде сапа төмендеп, 60 млн теңге шығын келген. - Жаңа ұйықтау корпусын салу
Жобаның 22,4 млн теңгесі төленгенімен, құрылыс аяқсыз қалған. - Жиһаз және құрал-жабдық сатып алу
19,88 млн теңге бөлінгенімен, кондиционерлер мен тоңазытқыштар іс жүзінде тіркелмеген. - Маркетинг пен цифрландыру шығыстары – 18,8 млн теңге, тиімділігі расталмаған.
- Ауру ірі қара (24 бас) еті шипажай асханасында пайдаланылған, жалпы шығын – 7,26 млн теңге.
- «Мердигер ЛТД» ЖШС-мен 44 млн теңгеге келісімдер жасалған, туыстық байланыс белгілері бар.
- 0,2811 га жерді 2,5 млн теңгеге сату әрекеті мен автокөлік (Toyota Sienna, 1998 ж.) 23 050 теңгеге сатылған.
- Директорлар кеңесінің 10,2 млн теңге көлемінде сыйақы алуы – формалды жұмыс барысында.
Жалпы залал 180 млн теңгеден асып отыр.
2018–2019 жылдары шипажайдың рентабельділігі 21%-дан 3,6%-ға дейін төмендеген. Ақша қалдығы 229,4 млн теңгеден 56,7 млн теңгеге азайған.Алайда, басшылық ауысқаннан кейін шипажай тұрақты табыс әкеліп отыр:
- 2020 ж. – 12 млн теңге
- 2021 ж. – 80 млн теңге
- 2022 ж. – 191 млн теңге
- 2023 ж. – 103 млн теңге
- 2024 ж. – 196,5 млн теңге
Бұл «Мерке» шипажайының экономикалық әлеуеті жоғары екенін көрсетеді.
ФПРК төрағасының кеңесшісі басқарушылық өкілеттіктерге ие болмаса да, шешуші ықпал жүргізіп, негізгі нысандарға бақылау орнатқаны байқалады. Сонымен қатар,- Ірі акционер кеңестен шығарылған
- Тәуелсіз директор – формалды
- Корпоративтік хатшы – сенімді адам
- Сот процестері арқылы қысым күшейген, 2 млн теңгеден астам қаражат адвокаттарға жұмсалған




