«Бұл жеңіс Қазақстан мәнерлеп сырғанауы үшін тарихи оқиға. Дәл осыдан 10 жыл бұрын дәл осы Сеулде Денис Тен Төрт құрлық чемпионатында топ жарып, қазақ спортында ерекше белес орнатқан еді. Енді Михаил Шайдоров оның жетістігін қайталап, еліміздің мәнерлеп сырғанаудағы даңқты дәстүрін жалғастырып отыр», – делінген хабарламада.20 жастағы спортшы бұл жеңіске ерекше сенімділікпен жетті. Ол негізгі бағдарламасында қазіргі мәнерлеп сырғанауда сирек кездесетін аса күрделі үш аксель + төрт сальхов секірісін орындады. Бұл элемент қазіргі таңда басқа спортшылардың бағдарламасында жоқ.
10 жылдан кейінгі алтын: Михаил Шайдоров марқұм Денис Теннің жетістігін қайталады
Фото: Туризм және спорт министрлігі Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Сеулде өткен Төрт құрлық чемпионатында тарихи жеңіске жетіп, Денис Теннің жетістігін қайталады. Ол қос бағдарлама қорытындысы бойынша 285.10 ұпай жинап, өз мансабындағы ең жоғары нәтижеге қол жет

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Сеулде өткен Төрт құрлық чемпионатында тарихи жеңіске жетіп, Денис Теннің жетістігін қайталады. Ол қос бағдарлама қорытындысы бойынша 285.10 ұпай жинап, өз мансабындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Жалпы рейтинг:
Михаил Шайдоров – 285.10 ұпай;
Ча Джун Хван (Қысқы Азия ойындарының чемпионы) – 265.02 ұпай;
Джимми Ма – 245.01 ұпай.
Related

Sport
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Sport
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Sport
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·

Sport
Five Months Without Pay: Olympic Champion Mikhail Shaidorov Reveals the Truth
Todayinfo редакциясы·