Todayinfo.kz
NewsView all articles

Михаил Шайдоров жанкүйерлеріне үн қатты: «Бұл мен үшін жай ғана керемет»

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров өзінің командасы мен қазақстандық жанкүйерлеріне ерекше алғысын жеткізді.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Михаил Шайдоров жанкүйерлеріне үн қатты: «Бұл мен үшін жай ғана керемет»

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров өзінің командасы мен қазақстандық жанкүйерлеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Спортшы өзінің жетістіктерінен кейін қолдау көрсеткен барша жанға, әсіресе командасына зор ризашылығын жеткізді. Ол қазақстандықтардың ыстық ықыласы ерекше шабыт бергенін атап өтті.

"Барлық қазақстандықтарға, трибунада және экран алдында отырып тамашалаған, әлеуметтік желіде жазба жариялаған барша жанкүйерге ерекше алғысымды айтамын. Бұл мен үшін жай ғана керемет", - деді спортшы.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Михаил Шайдоров жанкүйерлеріне үн қатты: «Бұл мен үшін жай ғана керемет» · Todayinfo