Todayinfo.kz
NewsView all articles

Михаил Шайдоровқа Астанадан 3 бөлмелі пәтер берілетін болды

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Астанадан баспаналы болады. Ulytau Group құрылыс компаниясы спортшыға елордадағы New City Life тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтер тарту етуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Алайда әзірге спортшымен тікелей хабарласу мүмкін

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Михаил Шайдоровқа Астанадан 3 бөлмелі пәтер берілетін болды
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Астанадан баспаналы болады. Ulytau Group құрылыс компаниясы спортшыға елордадағы New City Life тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтер тарту етуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Алайда әзірге спортшымен тікелей хабарласу мүмкін болмай тұр.
«Біз Михаил Шайдоровпен жеке байланысып, оны құттықтап, Ulytau Group атынан үш бөлмелі пәтерді табыстағымыз келеді. Алайда, өкінішке қарай, әзірге оған хабарласа алмай отырмыз. Егер онымен қалай байланысуға болатынын білсеңіздер немесе осы хабарды жеткізе алсаңыздар, көмектесулеріңізді сұраймыз. Чемпионымызбен бұл қуанышты жаңалықты бөліскіміз келеді», — делінген компанияның жазбасында.
Бұған дейін қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген де спортшыны Олимпиададағы жеңісімен құттықтап, автокөлік сыйлауға уәде берген еді. Фото: Сали Сабиров / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті
 
View this post on Instagram
 

Related

Михаил Шайдоровқа Астанадан 3 бөлмелі пәтер берілетін болды · Todayinfo