Министр қол қойған марапат қағазындағы қате қоғамда сынға ұшырады
Вице-министрдің марапат қағазындағы тіл қатесі қоғамда дау туғызды.

Әлеуметтік желіде Жасанды интеллект вице-министрі Дмитрий Мунға берілген марапат туралы құжат қызу талқыланып жатыр. Ресми құжатта "Үздік цифрландырушы" медалімен марапатталғаны көрсетілген, оған министр Жаслан Мәдиевтің қолы қойылған.
Алайда қолданушылар шенеуніктің марапат алғанынан гөрі, құжаттағы тілдік қатеге көбірек назар аударып отыр.
Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атап айтқанда, құжатта "наградталды" деген сөз қолданылған. Қолданушылар мұны орыс тіліндегі "награждается" сөзінің тікелей аудармасы деп сынап, қазақ тіліне тән емес деп бағалаған.
Кейбір пікір иелері: "Бұл әдеби нормаға сай емес", "Бұған ұқсас жағдайды грамота сөзін 'грамотасы' деп аударғанда көрдік", "Мұндай сөздердің қазақ тіліне еш қатысы жоқ" деп жазған.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·