«Мұсылмандардың көбі шошқалар»: Қарағандыда ұлтаралық араздықты қоздырған келіншек қамауға алынды
Қарағанды қаласында әлеуметтік желіде мұсылмандар мен қазақтарды қорлаған пікірлері үшін кәсіпкер Алика Мұхамадиева уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі, яғни ұлтаралық және діни араздықты қоздыру бабы бойынша ай

Қарағанды қаласында әлеуметтік желіде мұсылмандар мен қазақтарды қорлаған пікірлері үшін кәсіпкер Алика Мұхамадиева уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі, яғни ұлтаралық және діни араздықты қоздыру бабы бойынша айып тағылып отыр,деп жазады Todayinfo ұлттық порталы.
Әлеуметтік желідегі арандатушылық
Соңғы күндері Мұхамадиеваның Threads платформасында жариялаған жазбалары қоғамда наразылық тудырды. Ол қазақ ұлтының өкілдерін «мамбет», «қалбит», «қазақшасөйлешник» деп кемсітіп, мұсылмандарды «шошқа» деп атаған. Бұл мәлімдемелер әлеуметтік желіде кең талқыланып, жұрттың ашу-ызасын туғызды.
Қоғамның реакциясы және кешірім сұрау
Қоғам тарапынан үлкен қысымға тап болған кәсіпкер Threads парақшасын өшіріп, кейін Instagram желісінде кешірім сұрап видео жариялады. Онда ол: «Мен қатты өкінемін», – деп ақталуға тырысқанымен, көпшілік оны кешірмеді. Желі қолданушылары оның әрекетін заң аясында жауапқа тартуды талап етті.
Құқық қорғау органдарының әрекеті
Бүгін тәртіп сақшылары Алика Мұхамадиеваны ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында. Қылмыстық іс аясында оған қатысты бұлтартпау шарасы әзірге белгіленбеген.
Заң аясындағы жауапкершілік
Қазақстан заңнамасына сәйкес, ұлтаралық және діни араздықты қоздыру Қылмыстық кодекстің 174-бабымен жазаланады. Аталған бап бойынша кінәлі деп танылған адамға айыппұл салу, бостандығын шектеу немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бұған дейінгі ұқсас жағдай
Айта кетейік, 2024 жылдың мамыр айында Солтүстік Қазақстан облысында Жансұлу Дархамбаева дәл осы бап бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бұл оқиға да әлеуметтік желіде үлкен резонанс туғызған еді.
Related

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·