Фото: Видеодан алынған кадр
Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы дипломатиялық өкілдері Наурыз мейрамы қарсаңында ел тұрғындарын мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы елдегі ҚХР Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дипломаттар қос халық арасындағы достық қарым-қатынастың маңызын атап өтіп, қазақстандықтарға жаңа жылда амандық пен өркендеу тіледі.
Алғаш болып құттықтау сөзін Қазақстандағы ҚХР Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь жолдады.
«Көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз қарсаңында Қазақстандағы Қытай Елшілігі атынан және жеке өз атымнан достас Қазақстан халқына шынайы құттықтауымды және ізгі тілектерімді білдіремін. Соңғы жылдары мемлекет басшыларының басшылығымен Қытай мен Қазақстан ортақ тағдыр қауымдастығын қалыптастырудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл – көршілік, достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа белесі.
Наурыз – көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын және жаңа жылдың басталуын білдіреді. Осы сәтті пайдалана отырып, Қазақстан мемлекетіне ұлттық даму жолында жаңа әрі зор жетістіктер, ал халқына бақыт, денсаулық және өркендеу тілеймін», – деді елші.
Сонымен қатар Алматыдағы ҚХР Бас консулы Су Фанцю да құттықтауға қосылды.
«Алматыдағы Қытай Бас консулдығы атынан қонақжай әрі достық пейілді Қазақстан халқына шынайы құттықтауымды жолдаймын. Жаңа көктемде Қытай мен Қазақстан арасындағы достық жаңарып, одан әрі нығая түссін. Екі ел арасындағы ынтымақтастықта жаңа жарқын кезеңдерді асыға күтеміз. Достығымыз мәңгілік болып, ортақ өркендеу жолындағы серіктестігіміз жалғаса берсін», – деді ол.
Құттықтауды Ақтөбедегі ҚХР Бас консулы Го Юй қорытындылап, қазақстандық отбасыларға тыныштық, бірлік пен көктемнің жылуын тіледі. Сонымен қатар ол мәдени байланыстарды дамыту мен өңіраралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram




