Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Наурыз жұмыскер» ипотекасына өтінім қабылдау басталады: кімдер қатыса алады?

17 наурыздан бастап «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Отбасы банк бұл бағдарламаға 72 млрд теңге бөліп, 2 440 жұмысшыға қолжетімді несие беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.  Бағдарламаға кімдер қатыса алады? ✅

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Наурыз жұмыскер» ипотекасына өтінім қабылдау басталады: кімдер қатыса алады?
17 наурыздан бастап «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Отбасы банк бұл бағдарламаға 72 млрд теңге бөліп, 2 440 жұмысшыға қолжетімді несие беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.  Бағдарламаға кімдер қатыса алады? ✅ Ауыл, орман және балық шаруашылығы ✅ Тау-кен өнеркәсібі және карьер қазу ✅ Өңдеу өнеркәсібі ✅ Энергетика (электр, газ, су, бу, кондиционерленген ауа жабдықтау) ✅ Құрылыс саласы ✅ Тасымалдау және сақтау Қалай өтінім беруге болады? 1-қадам: Отбасы банк сайтынан жұмысшы кәсіптерінің тізімін жүктеп алып, өз мамандығыңызды тексеріңіз. 2-қадам: Сайттан жұмыс орнынан алынатын анықтама шаблонын жүктеп, оны жұмыс берушіңізге толтырып алыңыз. 3-қадам: Жұмыс беруші ЭҚТЖЖ (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) тізімінен өз кәсіпорнының бар-жоғын тексеруі керек. 4-қадам: Толтырылған анықтаманы алып, 17 наурыздан бастап Отбасы банкінің бөлімшесіне барып, төлем қабілеттілігіңізді растаңыз және өтінім беріңіз. «Наурыз жұмыскер» ипотекасының шарттары қандай? 🏠 Несие мөлшерлемесі: 🔹 Әлеуметтік осал топтар үшін – 7% (ЖТСМ 7,1%-9,6%) 🔹 Қалған санаттар үшін – 9% (ЖТСМ 9,4%-13%) 🏠 Бастапқы жарна: 🔹 Жаңа салынған жөнделген үй үшін – 10% 🔹 Қолданыстағы немесе қара сылақтағы пәтер үшін – 20% 🏠 Максималды несие сомасы: 🔹 Өңірлерде – 30 млн теңге 🔹 Астана, Алматы қалаларында – 36 млн теңге 🏠 Қайдан үй алуға болады? 🔹 Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында – тек жаңа үйлер 🔹 Моноқалалар мен ауылдарда – қолданыстағы үйлер Үміткерге қойылатын талаптар ✔️ Отбасы банкінде депозиті болуы керек (мерзімі маңызды емес, жаңадан ашуға болады) ✔️ Шотында кемінде 2 млн теңге жинағы болуы тиіс ✔️ Соңғы 5 жылда өз меншігінде баспанасы болмауы керек ✔️ Соңғы 6 айда ресми табысы және соңғы 3 айда тұрақты зейнетақы аударымы болуы қажет  

Related

«Наурыз жұмыскер» ипотекасына өтінім қабылдау басталады: кімдер қатыса алады? · Todayinfo