"1993 жылы егемен Қазақстанның алғашқы Ата заңы бекітілді, мемлекетіміздің конституциялық құрылымы айқындалды. Бірақ көп ұзамай жаңа тарихи ахуалға сай келетін жаңа Конституция қабылдау қажет болды. Осыған орай, арнайы кеңес құрылды, оған бір топ белгілі отандық заңгер мүше болып, белсенді жұмыс жүргізді. Шетелден шақырылған сарапшылар да осы маңызды іске атсалысты. Ата заңымыздың жобасын талқылауға миллиондаған азамат қатысты, мыңдаған ұсыныс келіп түсті. Конституция туралы айтқанда, тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың табанды еңбегіне әділ баға беру қажет. Ол Конституция қабылданған кезде мемлекет басшысы ретінде шешуші рөл атқарды", – деп мәлімдеді Тоқаев.Фото: Егемен Қазақстан
Назарбаевтың табанды еңбегіне әділ баға беру қажет – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған конференцияда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін атап, оның Конституция қабылданған кездегі еңбегіне тоқталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат аген

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған конференцияда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін атап, оның Конституция қабылданған кездегі еңбегіне тоқталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданар кезде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев маңызды рөл атқарғанын атап өтті.
Related

News
Қазақстандық оқушылар әлемдегі ең беделді математикалық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды
Жаннұр Еділбаева·

News
Казахстанские школьники завоевали 6 медалей на самой престижной математической олимпиаде мира
Жаннұр Еділбаева·

News
ҚМА: 176 млрд теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған желілер әшкереленді
Айғаным Нариманова·

News
«Халыққа құрметсіздік танытты»: Танымал қазақстандық бренд «Борат» образын қолданғаны үшін сынға қалды
Айғаным Нариманова·