Todayinfo.kz
NewsView all articles

Назым Қызайбай - Париж Олимпиадасының қола жүлдегері

Әйелдер боксында 2 дүркін әлем чемпионы, қаншама жылдан кейін алғаш рет Олимпиадаға қатысқан Назым Қызайбай табандылығының арқасында жүлдегерлердің қатарынан табыла білді. Жерлесіміз жартылай финалда былтырғы әлем чемпионы Ю Вудан (Қытай) жеңілсе де, жеңіл салмақта бірінші мәрте

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Назым Қызайбай - Париж Олимпиадасының қола жүлдегері
Әйелдер боксында 2 дүркін әлем чемпионы, қаншама жылдан кейін алғаш рет Олимпиадаға қатысқан Назым Қызайбай табандылығының арқасында жүлдегерлердің қатарынан табыла білді. Жерлесіміз жартылай финалда былтырғы әлем чемпионы Ю Вудан (Қытай) жеңілсе де, жеңіл салмақта бірінші мәрте Қазақстанға жүлде сыйлады. Рио Олимпиадасы. Жайна Шекербекова —1/4 финал Париж Олимпиадасы. Назым Қызайбай (3-орын) Айта кетейік, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде Джиордана Соррентиноны (Италия) 4:1 есебімен басым түсті. Ал жарыстың 1/8 айналымында Каролайн Барбоза де Алмейданы (Бразилия) 5:0 есебімен жеңді. Ширек финалда Колумбия өкілі Ингрит Лорена Валенсия Викториядан (Колумбия) 4:1 есебімен айласын асырған болатын.  

Related

Назым Қызайбай - Париж Олимпиадасының қола жүлдегері · Todayinfo