Todayinfo.kz
NewsView all articles

Нұрай трагедиясы: Шымкентте жұмыстан қуылған полиция ел алдына шықты

Шымкентте қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайға қатысты істі жүргізген полиция офицері Әбілғазы Артықбай оқиғаға байланысты өз нұсқасын жария етті. Ол ақпараттың қоғамға біржақты жетіп жатқанын айтып, жағдайдың мән-жайын түсіндіруді жөн көргенін жеткізді. Айтуынша, «алып қашу»

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Нұрай трагедиясы: Шымкентте жұмыстан қуылған полиция ел алдына шықты
Шымкентте қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайға қатысты істі жүргізген полиция офицері Әбілғазы Артықбай оқиғаға байланысты өз нұсқасын жария етті. Ол ақпараттың қоғамға біржақты жетіп жатқанын айтып, жағдайдың мән-жайын түсіндіруді жөн көргенін жеткізді. Айтуынша, «алып қашу» туралы арыз түскеннен кейін оқиға орнына өзі барып, қыз бен жігітті аудандық полиция бөліміне жеткізген. Сол жерде екеуінен де жеке және бірге түсініктеме алынған. Полицейдің сөзінше, Нұрай да, оның танысы да қыздың өз еркімен барғанын растаған.
– Қыз бұл сөзін мен түсірген видеода да нақты айтты. Сол жазбаны полицияның баспасөз қызметі арқылы жариялауды сұрадым, алайда ол жарияланбады, – дейді Әбілғазы Артықбай.
Видеожазбада Нұрай Серікбай 2025 жылдың 4 қазанында кешкі сағат 21:00 шамасында үш ай бойы араласып жүрген Шерхан есімді жігітпен Алматыдан Шымкентке өз қалауымен келгенін баяндайды. Бұрынғы полицей бірнеше басшысымен бірге Ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметтен босатылғанын атап өтті. Ол өз кінәсін мойындамай, істің әділ әрі ашық тергелуін талап етіп отыр. Бұған дейін марқұмның анасы полиция қызметкері көрсеткен видеожазбаға күмән келтіріп, бұл материалдың шынайылығына сенбейтінін мәлімдеген болатын. Фото: скрин/ @aigulorynbek_kz

Related

Нұрай трагедиясы: Шымкентте жұмыстан қуылған полиция ел алдына шықты · Todayinfo