Todayinfo.kz
NewsView all articles

Нұрайдың қазасынан кейін Шымкент полициясынан қуылған лауазымды тұлғалардың аты-жөні жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының жұмысын қатаң сынағаннан кейін Шымкент полициясында кадрлық өзгерістер басталған. Egovpress Telegram-арнасы қызметінен қуылған бірқатар жоғары лауазымды полиция қызметкерлерінің аты-жөндерін жария етті. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Нұрайдың қазасынан кейін Шымкент полициясынан қуылған лауазымды тұлғалардың аты-жөні жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының жұмысын қатаң сынағаннан кейін Шымкент полициясында кадрлық өзгерістер басталған.

Egovpress Telegram-арнасы қызметінен қуылған бірқатар жоғары лауазымды полиция қызметкерлерінің аты-жөндерін жария етті.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, бұл шешім Ішкі істер министрлігі жүргізген тәртіптік комиссияның қорытындысы негізінде қабылданған. Комиссия нәтижесінде бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік шара қолданылғаны айтылуда.

Қызметінен шеттетілгендер:

Алмасбеков Нұрлан Сейсетайұлы – Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы;

Құрманбек Сахов Сатынбекұлы – Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі;

Қалдарбеков Асылжан Оспанұлы – Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары;

Жұмағұл Қуаныш Сағыналыұлы – Қаратау аудандық полиция басқармасының бастығы;

Бекбердиев Өмірбек Жамалбекұлы – Шымкент қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі.

Фото: Polisia.kz

Related

Нұрайдың қазасынан кейін Шымкент полициясынан қуылған лауазымды тұлғалардың аты-жөні жарияланды · Todayinfo