Todayinfo.kz
NewsView all articles

Өлімнен аман қалдық: Жамбыл облысында екі пойыз соқтығысты

Желіде тараған видеода Жамбыл облысындағы Жаңатас станциясында болған қауіпті жағдай көрсетілген. Куәгерлердің айтуынша, екі жүк пойызы бір-бірімен соқтығысқан. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Алдын ала мәлімет бойынша, екі секциялы магистральдық 2ТЭ10 тепл

By Айғаным Нариманова··1 min read
Өлімнен аман қалдық: Жамбыл облысында екі пойыз соқтығысты
Желіде тараған видеода Жамбыл облысындағы Жаңатас станциясында болған қауіпті жағдай көрсетілген. Куәгерлердің айтуынша, екі жүк пойызы бір-бірімен соқтығысқан. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Алдын ала мәлімет бойынша, екі секциялы магистральдық 2ТЭ10 тепловозына 5 вагон дизель отынын тасып келе жатқан маневрлік тепловоз келіп соғылған. Екінші тепловоз “Қазақстан темір жолы” компаниясына тиесілі екені айтылды. Оқиға куәгерлерінің сөзінше, соқтығыс салдарынан адамдар қатты шошып, “бір өлімнен аман қалдық” деп жағдайдың қаншалықты қауіпті болғанын жеткізген. Желі авторы машинист мас болуы мүмкін деген болжам айтады. “Тойып алған ба, білмеймін. Бұған қалай жол берілді?” деп сұрақ қояды ол. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі ресми түрде расталған жоқ. Қоғам “Қазақстан темір жолы” компаниясының ресми түсініктемесін күтуде.

Related

Өлімнен аман қалдық: Жамбыл облысында екі пойыз соқтығысты · Todayinfo