Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Өлтір, өлтір»: Шымкент сотында Руслан Берденовке жасалған қастандықтың тағы бір видеосы көрсетілді (ВИДЕО)

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Сотта шабуыл жасау кезінде бейнекамераға түсіп қалған тағы бір видео көрсетілді, деп хабарлайды todayinfo.kz Сот барысында әкімдік ішіндегі бейнекамераларға түскен ж

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Өлтір, өлтір»: Шымкент сотында Руслан Берденовке жасалған қастандықтың тағы бір видеосы көрсетілді (ВИДЕО)
Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Сотта шабуыл жасау кезінде бейнекамераға түсіп қалған тағы бір видео көрсетілді, деп хабарлайды todayinfo.kz Сот барысында әкімдік ішіндегі бейнекамераларға түскен жазба жария болды. Видеодан күзетшілердің шабуылға қалай реакция білдіргенін көруге болады. Күзетшілердің бірі бірден полицияға хабарласқан. Сондай-ақ бейнежазбадан атылған қарудың дыбысы мен “Өлтір!” деген айқай естуге болады. Алғашқы сот отырысында айыпталушы Ернар Жиенбай әкімнің орынбасарын тек қорқытпақ болғанын, бірақ өзге біреудің “Өлтіру керек” деген сөзін естігенін айтты. Бұған дейін сотта шабуыл сәтін көруге болатын бейнеролик көрсетілген еді. https://youtu.be/ttrzsFpjhtM?si=42dS5PbgT4XBxVe2

Related

«Өлтір, өлтір»: Шымкент сотында Руслан Берденовке жасалған қастандықтың тағы бір видеосы көрсетілді (ВИДЕО) · Todayinfo