Todayinfo.kz
NewsView all articles

Өскеменде ер адам лабрадор күшігін 5-қабаттан лақтырып өлтірді

Өскеменде ер адам күшікті 5-қабаттан лақтырып, арты қылмыстық тергеуге ұласты.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Өскеменде ер адам лабрадор күшігін 5-қабаттан лақтырып өлтірді

Өскеменде ер адам лабрадор тұқымды күшікті 5-қабаттың терезесінен лақтырып жіберді. Оқиға орнынан көрген көршілер итті ветеринарлық клиникаға жеткізгенмен, алған жарақаттарынан аман қалмады.

Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырды. «Досым» жануарлар бағының еріктілері иттің қанға боялған суреттерін жариялап, жұртшылықтың назарын аудартты.

Күшікті не себепті лақтырып жіберді?

Көршілердің айтуынша, ер адам күшіктің үй ішінде дәрет сындырғанына ашуланып, осындай қадамға барған. Артынша, жұрт ашуын білдіргенде, қолына пышақ ұстап шығып, жараланған итті өлтірмек болғаны айтылды.

Қала тұрғындары бұл әрекетке полицейлердің назар аударуын талап етті. Қазір ШҚО полиция департаменті жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 316-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын растады.

Не жаза көзделген?

Заң бойынша, жануарға қатыгездік танытқан адамға 200 АЕК-ке дейін (865 000 теңге шамасында) айыппұл, сол сомаға сәйкес жалақысын ұстап отырып мәжбүрлі еңбекке тарту, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегу немесе 50 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, барлық мән-жайлар анықталуда.

Related

Өскеменде ер адам лабрадор күшігін 5-қабаттан лақтырып өлтірді · Todayinfo