Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Оқиға орнына 5 жедел жәрдем бригадасы жіберілген, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендердің екеуінің жағдайы ауыр. Бір науқасты ауруханаға «Казцинк» қызметкерлері жеткізсе, тағы біріне медициналық көмек оқиға орнында көрсетілуде.
Қалған зардап шеккендердің жағдайы нақтыланып жатыр, дәрігерлер қажетті көмекті көрсетуде.




