«Осы жылдың басынан бері теміржол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзудың, яғни азаматтардың белгіленбеген жерлерден теміржолды кесіп өтуінің 6 мың 179 фактісі анықталды. Сондай-ақ теміржолда адамдардың, үй жануарларының болуына және бөгде заттарды қоюға байланысты пойыздарда шұғыл тежеуді қолданудың 280-нен астам фактісі тіркелді. Теміржолдағы қауіпсіздік тақырыбы – өте өзекті мәселе. Азаматтар көбіне аспалы көпірлерден өтпей, жолды қысқартып, уақытты үнемдегісі келеді. Мұның соңы теміржол жарақатын алуға немесе адам өлімі жағдайларына әкеп соғады. Сондықтан бір минутты үнемдеймін деп өміріңізді қысқартып алмаңыз. Ең бастысы, бірнеше қарапайым ережелерді есте сақтаған жөн: «Теміржол жаяу жүргіншілерге арналған жол емес!», «Теміржол ойын алаңы емес!», «Теміржол – аса қауіпті аймақ!», – деді департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.
Өткен аптада пойыз астына 5 адам түскен
Биыл 6 мыңнан астам азамат белгіленбеген жерден темір жол төсемін кесіп өткені үшін жауапкершілікке тартылды. Өткен аптада көліктегі полиция департаментінде пойыздардың адамдарды қағып кетуінің 5 фактісі тіркелді. Жазатайым оқиғалар Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қ

Биыл 6 мыңнан астам азамат белгіленбеген жерден темір жол төсемін кесіп өткені үшін жауапкершілікке тартылды.
Өткен аптада көліктегі полиция департаментінде пойыздардың адамдарды қағып кетуінің 5 фактісі тіркелді. Жазатайым оқиғалар Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының аумағында болды. Үш факті бойынша адамдар теміржол жарақатын алса, екеуі өліммен аяқталды.
Көліктегі ПД қызметкерлері теміржол төсемінде жарақат алу мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында тұрғындармен және оқу орындарының оқушыларымен тұрақты негізде кездесулер өткізіп тұрады. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде осы кезеңде департаментте жылжымалы құрамның балаларды қағып кетудің бірде-бір фактісі тіркелген жоқ. Десек те кейбір азаматтар теміржол көлігі объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін бұзуды жалғастырып жатыр, ал оның соңы ауыр зардаптарға әкеп соғады.
Related

News
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

News
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

News
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

News
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·