Todayinfo.kz
Шоу бизнесView all articles

«Ол жеңе алмайды»: Данияр Елеусінов спортшы ретінде Еркебұлан Тоқтардың шамасы орташа екенін айтты

2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусинов танымал актер әрі поп-ММА жұлдызы Еркебулан Тоқтармен ықтимал жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы 1bol.kz -ке сілтеме жасап. 2025 жылы шаршы алаңға небәрі бір рет шыққан Елеусінов медиялық д

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
«Ол жеңе алмайды»: Данияр Елеусінов спортшы ретінде Еркебұлан Тоқтардың шамасы орташа екенін айтты
2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусинов танымал актер әрі поп-ММА жұлдызы Еркебулан Тоқтармен ықтимал жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
2025 жылы шаршы алаңға небәрі бір рет шыққан Елеусінов медиялық деңгейі жоғары қарсыласпен жұдырықтасуға қарсы емес екенін айтты. Қазіргі таңда Еркебұлан Тоқтар – Қазақстандағы ең танымал ММА бойынша төбелескіштердің бірі. YouTube-тегі SauBall арнасына берген сұхбатында Данияр Тоқтармен жекпе-жек өткізуге дайын екенін жеткізді. Алайда Олимпиада чемпионы бұл кездесудің спорттық емес, тек коммерциялық маңызы барын ашық айтты. –  Танымал спортшылар медиа-файтерлермен Америкада жиі төбелесіп жатады. Еркебұлан Токтармен жекпе-жек өткізгіңіз келе ме? –  Егер табыс тұрғысынан алсақ –  иә. Ал спорттық  тұрғыдан қызығушылық жоқ. Өйткені ол жеңе алмайды, –  деді Елеусінов. 34 жастағы қазақстандық боксшы мұндай жекпе-жек оның спорттық мансабына ешқандай құндылық қоспайтынын, бірақ табыс пен медиялық тұрғыдан тиімді болуы мүмкін екенін атап өтті. – Америкада блогерлермен жиі жекпе-жек өтеді ғой. Сізге де сондай формат қызық па? –  Тек табыс үшін болса –  иә. Ал спорттық тұрғыда мағына жоқ, –  деп нақтылады ол. Еркебұлан Тоқтар соңғы жекпе-жегін 27 желтоқсанда Ташкент қаласында өткізді. Өзбекстан астанасында өткен бокс кешінде ол жергілікті спортшы Тимур Никулинмен қолғап түйістіріп, бірінші раундтың 72-секундында техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ал Данияр Елеусинов соңғы рет 2025 жылдың шілдесінде АҚШ-тың Вашингтон қаласында шаршы алаңға шықты. Ол филиппиндік боксшы Джеймс Бэконды (26-6, 17 KO) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Related

«Ол жеңе алмайды»: Данияр Елеусінов спортшы ретінде Еркебұлан Тоқтардың шамасы орташа екенін айтты · Todayinfo