Todayinfo.kz
NewsView all articles

Оңтүстік Корея оппозициялық саясаткерді президент етіп сайлады

Оңтүстік Кореяда өткен президенттік сайлауда оппозициялық Демократиялық партияның кандидаты Ли Чжэ Мён жеңіске жетіп, 49%-дан астам дауыс жинады, деп хабарлайды Todayinfo BBC - ге сілтеме жасап. Оның басты қарсыласы, билеуші «Халық күші» партиясының кандидаты Ким Мун Су 41% дауыс

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Оңтүстік Корея оппозициялық саясаткерді президент етіп сайлады

Оңтүстік Кореяда өткен президенттік сайлауда оппозициялық Демократиялық партияның кандидаты Ли Чжэ Мён жеңіске жетіп, 49%-дан астам дауыс жинады, деп хабарлайды Todayinfo BBC- ге сілтеме жасап.

Оның басты қарсыласы, билеуші «Халық күші» партиясының кандидаты Ким Мун Су 41% дауыс жинап, жеңілгенін мойындап, жеңімпазды құттықтады.

Негізгі екі үміткерден бөлек, бюллетеньде тағы үш кандидаттың есімі болды, бірақ олардың жеңіске жетпейтіні анық болды.

Айта кетсек, Оңтүстік Кореяда сайлау мерзімінен бұрын өткізілді. Бұған былтыр желтоқсанда бұрынғы президент Юн Сок Ёльдің елде әскери жағдай енгізу әрекеті себеп болды. Елде саяси дағдарыс орнатқан оған импичмент жарияланды.

Жаңа сайланған президент Ли өз жақтастарының алдында жеңіс сөзін сөйлеп, «бас көтеруді басатынын» және «әскери төңкеріске жол бермейтінін» мәлімдеді. Ол бұл сөздерімен Юнның әскери жағдай енгізу әрекетін меңзеді.

Related

Оңтүстік Корея оппозициялық саясаткерді президент етіп сайлады · Todayinfo