Todayinfo.kz
PoliticsView all articles

Оңтүстік Кореяда Юн Сокты тұтқындамақ болған тергеушілер президент күзетімен қақтығысты

Сеул сотының үкімі бойынша тергеушілер Оңтүстік Кореяның қазіргі президенті Юн Сокты тұтқындау туралы бұйрықты орындауға тырысуда. Олар Президенттің резиденциясында екі қатар күзет қоршауын бұзғанмен, бәрібір президенттің қолына кісен сала алмаған. Президенттің қауіпсіздік басшыс

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Оңтүстік Кореяда Юн Сокты тұтқындамақ болған тергеушілер президент күзетімен қақтығысты
Сеул сотының үкімі бойынша тергеушілер Оңтүстік Кореяның қазіргі президенті Юн Сокты тұтқындау туралы бұйрықты орындауға тырысуда. Олар Президенттің резиденциясында екі қатар күзет қоршауын бұзғанмен, бәрібір президенттің қолына кісен сала алмаған. Президенттің қауіпсіздік басшысы тергеушілермен келісуден бас тартты, деп хабарлайды Todayinfo. Yonhap жазғандай, Оңтүстік Корея президентінің резиденциясындағы Юн Сок Ельді тұтқындауға келген тергеушілер екі қатар қойылған күзет қоршауын бұзып өткенмен, қауіпсіздік күзетінің қарсылығына тап болған. Құқық қорғау органдарының қамауға алу туралы бұйырғы болса да, ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Пак Чонг Чжун тінту жүргізуге рұқсат етілмегенін айтты. Желтоқсан айының ортасында жарияланған импичментке қарамастан, Юн Сок Ель Конституциялық сот істі қарау аяқталғанға дейін уақытша қызметтен шеттетілді және Президенттің Күзет қызметінің қорғауында болады. Тергеушілер тобы резиденция аумағына жергілікті уақыт бойынша 8:02-де  кірген. Алайда тергеушілер тобы резиденция аумағында орналасқан әскери қызметкерлермен қақтығысқан. Юн Соктың адвокаттары қамауға алу туралы бұйрықты орындау әрекетін заңсыз деп атады және сотқа жүгінуге уәде берді.

Related

Оңтүстік Кореяда Юн Сокты тұтқындамақ болған тергеушілер президент күзетімен қақтығысты · Todayinfo