Todayinfo.kz
NewsView all articles

Орал маңынан тағы 60 шақты адам эвакуацияланды

Төтенше жағдайлар министрлігі Орал маңындағы саяжайлардан тағы біраз тұрғын көшірілгенін хабарлады.  Іздестіру-құтқару жұмысы барысында Орал қаласының маңындағы су басқан аймақтардан ТЖМ күшімен саяжайдың 60-тан астам тұрғыны металл қайықпен эвакуацияланған. Азаматтарды шұғы

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Орал маңынан тағы 60 шақты адам эвакуацияланды
Төтенше жағдайлар министрлігі Орал маңындағы саяжайлардан тағы біраз тұрғын көшірілгенін хабарлады.  Іздестіру-құтқару жұмысы барысында Орал қаласының маңындағы су басқан аймақтардан ТЖМ күшімен саяжайдың 60-тан астам тұрғыны металл қайықпен эвакуацияланған. Азаматтарды шұғыл эвакуациялау бойынша бүкіл жұмыс ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтың жетекшілігімен жүріп жатыр. 

Еске сала кеткен жөн, бір апта бұрын құтқарушылар азаматтардан үйін тастап кетуді талап еткен болатын. Алайда, олар эвакуациялық пунктерге орналасудан бас тартқан.

эвакуация
Фото: ТЖМ

Сонымен қатар осы түні Теректі ауданында құтқарушылар мен жергілікті медицина қызметкері 2 моторлы қайықпен бір адамды құтқарды.

Құтқарушылар оған алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында Жайықтағы су деңгейі қауіпті шектен асып кеткенін жазған болатынбыз.

Орал қаласы төңірегінде саяжайлар суға кетіп жатыр.

БҚО ТЖ департаменті су басқан аумақтарда қалу қауіпті екенін ескертті.

Орал саяжайларынан адамдар мәжбүрлі түрде көшіріліп жатыр.

[ad_2] Дереккөз: ҚазАқпарат

Related

Орал маңынан тағы 60 шақты адам эвакуацияланды · Todayinfo