Todayinfo.kz
NewsView all articles

Оралда шетел азаматынан тұрақты түрде ақша бопсалап келген адам ұсталды

Орал қаласында теріс дін атын жамылған бопсалаушы қолға түсті. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментімен өзара іс-қимыл жасай отырып, діни ағымдардың бірінің жақтаушыс

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Оралда шетел азаматынан тұрақты түрде ақша бопсалап келген адам ұсталды
Орал қаласында теріс дін атын жамылған бопсалаушы қолға түсті.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментімен өзара іс-қимыл жасай отырып, діни ағымдардың бірінің жақтаушысын ұстады.

«Күдікті Оралда шетел азаматынан тұрақты түрде ақша бопсалап келген. 200 мың теңге алу үстінде қолға түскен ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
 

Related

Оралда шетел азаматынан тұрақты түрде ақша бопсалап келген адам ұсталды · Todayinfo