Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оралда трансвестит жігіт қыздан таяқ жеді (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде Оралқаласында болған төбелестің видеосы тарап, көпшіліктің назарын аударды. Видео кадрларында екі қыздың жанжалдасып, кейін төбелесіп қалғаны көрінеді. Бір сәтте олардың бірі өзін трансвестит ретінде таныстырып, бұл мәлімдеме оқиғаны бақылап тұрғандардың күлкісі

Әлеуметтік желіде Оралқаласында болған төбелестің видеосы тарап, көпшіліктің назарын аударды. Видео кадрларында екі қыздың жанжалдасып, кейін төбелесіп қалғаны көрінеді. Бір сәтте олардың бірі өзін трансвестит ретінде таныстырып, бұл мәлімдеме оқиғаны бақылап тұрғандардың күлкісін келтірген, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Оқиға 7 ақпанда түнгі сағат 3-тер шамасында Төле би көшесіндегі «Домбыра» мейрамханасының маңында болған.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, патрульдік полиция қызметкерлері түнгі уақытта қоғамдық тәртіптің бұзылғанын байқап, шара қолданған. Қыздың мас күйде қоғамдық орында айқайлап, балағат сөздер айтқаны үшін ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылғаны хабарланды.
Сонымен қатар, оқиға орнында бір ер адам да жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Полиция бұл адамның шынымен трансвестит екенін нақтылаған жоқ.
Оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, түрлі пікірлерге себеп болды. Көпшілігі оқиғаның күлкілі жағын атап өтсе, кейбіреулер мұндай жағдайларға байыппен қарау қажеттігін айтты.
Related

Regions
Ұлытау облысының әкімі Жезқазғандағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады
Айғаным Нариманова·

Regions
Қызылордада еркін форматтағы кездесуде жастар саясатының басым бағыттары талқыланды
Айғаным Нариманова·

Regions
Данияр Қасқарауов «Әділет» партиясының Алматы облыстық филиалының басшысы болып сайланды
Айғаным Нариманова·

Regions
Алматы облысында «Ата Заң – Қуатты Қазақстан!» тақырыбында алқалы жиын өтті
Айғаным Нариманова·