Todayinfo.kz
NewsView all articles

Оралдағы саяжай учаскелерінен суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр

Су тасқынынан зардап шеккен облыс орталығындағы 12 саяжай учаскелерінен суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Аталған жұмыстарға төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 37 техника, 40-қа жуық маман жұмылдырылды. Қазір облыс әкімі Нариман Төреғали

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Оралдағы саяжай учаскелерінен суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр
Су тасқынынан зардап шеккен облыс орталығындағы 12 саяжай учаскелерінен суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Аталған жұмыстарға төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 37 техника, 40-қа жуық маман жұмылдырылды. Қазір облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тапсырмасы аясында Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарының шығынын есептеу және материалдық көмек төлеу жөніндегі арнайы комиссия штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бүгінге дейін облыс бойынша 7759 отбасыға 2,8 млрд теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді. Тұрғындардан түскен өтініштер негізінде төлемдерді төлеу жалғасып жатыр.

Бұдан бөлек, комиссия тексеру актілері аясында суы кеткен саяжайларды қарап жатыр. Кезең-кезеңімен барлық саяжайлар техникалық зерттеуден өтеді. Айта кетсек, осыған дейін тұрақты негізде саяжай тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Алдағы уақытта да түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.  

Related

Оралдағы саяжай учаскелерінен суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр · Todayinfo