Todayinfo.kz
NewsView all articles

Оразада дұғаны қазақша жасауға болады – Нұрлан имам

Ауыз ашу кезінде дұғаны тек араб тілінде жасау керек пе? Бұл сұраққа "Ырыскелді қажы" мешітінің бас имамы, көпшілікке танымал Нұрлан Байжігітұлы Instagram парақшасында жауап берді,деп хабарлайды Todayinfo. «Ауыз ашқанда не үшін дұға оқимыз? Алдымен осыны түсініп алайық. Пайғамбар

By Айғаным Нариманова··1 min read
Оразада дұғаны қазақша жасауға болады – Нұрлан имам
Ауыз ашу кезінде дұғаны тек араб тілінде жасау керек пе? Бұл сұраққа "Ырыскелді қажы" мешітінің бас имамы, көпшілікке танымал Нұрлан Байжігітұлы Instagram парақшасында жауап берді,деп хабарлайды Todayinfo.
«Ауыз ашқанда не үшін дұға оқимыз? Алдымен осыны түсініп алайық. Пайғамбарымыздың хадисінде ауыз ашу кезінде жасалған дұға қабыл болады деп айтылған. Сондықтан бұл сәтті пайдаланып, елімізге, отбасымызға, жақындарымызға шын жүректен дұға етуіміз керек. Өйткені миллиондаған адамның тілегі қабыл болса, жақсылықтың еселенетіні анық. Ал дұғаны тек араб тілінде жасау міндетті емес. Қазақ тіліміз – бай, мағыналы, шұрайлы тіл. Сондықтан дұғаларыңызды ана тілімізде еркін айта беріңіздер. Ауыз бекіткенде ниетті жүректен жасау жеткілікті, ал оны дауыстап айту – сауап», – деді имам.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от (@qazradio.fm)

Related

Оразада дұғаны қазақша жасауға болады – Нұрлан имам · Todayinfo