Павлодар облысы әкімінің әпкесі мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 күнге қамалып, жүргізуші куәлігінен айырылды
Фото Валерия Бугаева Павлодар облысында мас күйінде рөлге отырған әкімнің туған әпкесі ұсталды. Сот оны 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулікке қамауға жіберді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бір ай бұрын Екібастұзда полиция Hyundai Tucson көлігін тоқтата

Фото Валерия Бугаева
Павлодар облысында мас күйінде рөлге отырған әкімнің туған әпкесі ұсталды. Сот оны 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулікке қамауға жіберді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бір ай бұрын Екібастұзда полиция Hyundai Tucson көлігін тоқтатады. Рөлде отырған әйелден алкоголь иісі шыққан. Оны наркодиспансерге апарып, жеңіл дәрежеде мас екені анықталды. Полицейлер әкімшілік кодекстің 608-бабы (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқытқыш заттардың әсерімен басқаруы) бойынша хаттама толтырды.
Сотта әйел өзін ақтап, көлікті жүргізбегенін, тек сыртта тоңып, жылынып алу үшін рөлге отырғанын айтты. Аздап ішкенін жасырмады. Оның сөзін Куликов есімді ер адам да қолдады. Ол өзін әйелдің жүргізушісімін деп таныстырып, көлік оның үйінің жанында тұрғанын, екеуі бірге көліктің ішінде отырғанын, дәл сол кезде полиция келгенін айтты. Ол көлік мүлде қозғалған жоқ деп сендірді.
Бірақ патруль қызметкерлері мүлде басқа нұсқаны айтты. Полицейлер Тоқтасынов пен Нұркенов көлікті жүріп келе жатқанда тоқтатқанын, ішінде тек әйел болғанын және алкоголь иісін анық сезгенін мәлімдеді.
Сот полицейлердің сөзіне сеніп, олар хаттаманы заңды түрде толтырған деп шешті. Нәтижесінде судья Елубай Серікпаев әйелді 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулікке қамады.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·