Todayinfo.kz
NewsView all articles

Павлодарда браконьерлер 12 елікті заңсыз атқан

Ертіс өзені жайылмасында екі азамат жануарларды атып, етін бөлшектеп алып кеткелі тұрғанда қолға түсті. Оқиға орнынан қарда жүретін көлік, 5 дана тегіс ұңғылы мылтық табылды. Мичурин ауылының тұрғындары өзен маңайында әлдебіреулердің еліктерді атып жатқаны туралы полицияға хабарл

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Павлодарда браконьерлер 12 елікті заңсыз атқан
Ертіс өзені жайылмасында екі азамат жануарларды атып, етін бөлшектеп алып кеткелі тұрғанда қолға түсті. Оқиға орнынан қарда жүретін көлік, 5 дана тегіс ұңғылы мылтық табылды.
Мичурин ауылының тұрғындары өзен маңайында әлдебіреулердің еліктерді атып жатқаны туралы полицияға хабарлаған.
Елік
Фото: Павлодар облысы полиция департаменті
Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшысы мен жергілікті орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің маманы заңсыз аң аулау фактісінің жолын кесті.
- Полиция мен орман мекемесінің маманы аталған аумаққа барғанда браконьерлер 12 елікті сұлатып үлгерген. Оқиға орнынан жануарлардың ұшасы, қарда жүретін көлік, 5 дана тегіс ұңғылы мылтық табылды. Ұсталған күдіктілерге қатысты заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,-деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Todayinfo.kz

Related

Павлодарда браконьерлер 12 елікті заңсыз атқан · Todayinfo