Пәтеріне қоқыс жинағыш тұрғын бірінші қабатта тұрады. Көршілері өз үйлеріне кіру үшін маска тағып жүруге мәжбүр. Өйткені қолқаны қабатын сасық иіске шыдау мүмкін емес. Өңірлік психикалық денсаулық орталығының мамандары қарияның ақыл-есі дұрыс екенін айтады. Тек кейінгі уақытта алжи бастаған. Содан да болар, өзінің не істеп, не қойғанын басқара алмай қалған. Құтқарушылар мәйітті полицияға тапсырды. Зейнеткердің неден көз жұмғаны сараптамадан кейін анықталмақ.- Оның жақын туысы жоқ. Жалғыз өзі тұратын. Жалғыз ұлы болған. Оны біреулер өлтіріп кетіпті. Бірақ содан бері әжей ақыл-есін жоғалта бастады. Менің ұлым тірі, ол үйленді, басқа жақта тұрады деген әңгімелер айтады. Содан бері үйіне қоқыс жинай бастады. Күніне 4-5 қапшық қоқыс әкеледі. Үйі деген қоқысқа толып тұр. Қазір сол сасып жатыр. Құзырлы органдардың бәріне хабарластық. Ешкім әрекет етпеді, – дейді көршісі Алена Перепелица.
Павлодарлық қарт ана пәтерінде үйілген қоқыстың арасында көз жұмған
Павлодарда 84 жастағы қария үйілген қоқыстың ортасында көз жұмды. Көршілер оның үйіне қалдық заттар жинайтынын айтып шағымданған, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Арна тілшілері кейуанамен тілдеспек болып, есік қаққанмен, ешкім ашпаған. Көршілері құтқару қызметін шақырып

Павлодарда 84 жастағы қария үйілген қоқыстың ортасында көз жұмды. Көршілер оның үйіне қалдық заттар жинайтынын айтып шағымданған, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Арна тілшілері кейуанамен тілдеспек болып, есік қаққанмен, ешкім ашпаған. Көршілері құтқару қызметін шақырып, есікті бұзып кірді. Осы сәтте құтқарушылар оның жуынатын бөлмеде жатқан мүрдесін тапты.
84 жастағы жалғызбасты қария ұзақ уақыттан бері пәтеріне қоқыс жинаған. Көршілері ескерткенмен, оны елемепті. Тұрғындар құзырлы органдарға шағымданса да нәтиже болмаған.
Related

News
Қазақстандық Ләззат Алшинова беделді «The Women Noble Prize 2026» сыйлығының лауреаты атанды
Жаннұр Еділбаева·

News
Айгуль Забирова: «Выборы в Курултай станут началом работы новой, более адаптивной парламентской модели»
Жаннұр Еділбаева·

News
Аида Балаева Азамат Омаровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Айғаным Нариманова·

News
Осужденный по делу Салтанат Нукеновой брат Бишимбаева освобожден по амнистии
Жаннұр Еділбаева·