Todayinfo.kz
NewsView all articles

Педофилдер өмір бойы түрмеге қамалса, суицидке үндеушілер қатаң жазаланады: парламент жаңа заң жобасын қарап жатыр

Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жоба мемлекет басшысының отбасылық-зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді. Заң жобасында, депутаттар келесі негізгі нормаларды ұсынады: Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Педофилдер өмір бойы түрмеге қамалса, суицидке үндеушілер қатаң жазаланады: парламент жаңа заң жобасын қарап жатыр
Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жоба мемлекет басшысының отбасылық-зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді. Заң жобасында, депутаттар келесі негізгі нормаларды ұсынады: Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді, қазіргі әкімшішік жауапкершіліктен  қылмыстық жауапкершілікке жатқызу, және де жазасын әлдеқайда қатаңдату; Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы бақ, немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тісті шараларды қабылдау құқығын беру. отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлықын өзгерту үшін, сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру. педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр; суицидты насихаттау үшін, немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу; балаларға арналған интернаттық ұйымдарға алдын-ала ескертпей ақ,  кез-келген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар ұсынылған.      

Related

Педофилдер өмір бойы түрмеге қамалса, суицидке үндеушілер қатаң жазаланады: парламент жаңа заң жобасын қарап жатыр · Todayinfo