Todayinfo.kz
NewsView all articles

Перизат Қайрат ісі: тергеу материалдары 100 томнан тұрады

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов атышулы Перизат Қайраттың ісіне қатысты тың деректерді мәлімдеді,  деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Агенттік мәліметінше, тергеу барысында үш негізгі эпизод анықталған: Палестинаға қаржы жинау; Су тасқыны

By Айғаным Нариманова··1 min read
Перизат Қайрат ісі: тергеу материалдары 100 томнан тұрады

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов атышулы Перизат Қайраттың ісіне қатысты тың деректерді мәлімдеді,  деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Агенттік мәліметінше, тергеу барысында үш негізгі эпизод анықталған:

Палестинаға қаржы жинау;

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке қаражат жинау;

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған реабилитациялық орталық үшін 22 млн теңге жинап, оны өз қажетіне жарату.

«Жақында бұл қылмыстық істі аяқтап, сотқа жіберуді жоспарлап отырмыз», – деді Елемесов.

Оның айтуынша, тергеу материалдары 100-ден астам томнан тұрады. Іс наурыз айының соңында аяқталуы мүмкін, алайда материалдармен танысу процесі қылмыстық іске қатысушыларға байланысты созылуы ықтимал.

Related

Перизат Қайрат ісі: тергеу материалдары 100 томнан тұрады · Todayinfo