Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды
Петропавлдағы Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясының асханасынан оқушылар тамағынан құрт-құмырсқа табылғаны туралы шағым әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Todayinfo. Ата-аналар балалардың асханадан тамақтанудан қорқатынын, тағамнан тарақан шығатынын ашық жазды. Ола

Петропавлдағы Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясының асханасынан оқушылар тамағынан құрт-құмырсқа табылғаны туралы шағым әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Todayinfo.
Ата-аналар балалардың асханадан тамақтанудан қорқатынын, тағамнан тарақан шығатынын ашық жазды.
Олардың айтуынша, бұрын тамақ сатып алатын оқушылар қазір оны алмайды, өйткені дәмі өзгеріп, кейбірі шикі болып келеді. Шағымдардан кейін СЭС тексеру жүргізіп, “ешқандай талап бұзылмаған” деген қорытынды шығарған. Бұл шешім ата-аналардың ашу-ызасын күшейтіп, бақылау сапасына күмән туғызды.
Асханадан тамақтанатын оқушылар қатарында жақын маңдағы миницентрдің балалары да бар екені айтылды. Желі қолданушылары “СЭС қайда қарап отыр?” деп сынап, мекемені қайта тексеруге шақырды. Сондай-ақ, кей ата-ана тіпті тарақан да табылғанын жазған.
Фото: depositphotos
Related

News
Межпартийные теледебаты выйдут в эфире республиканских телеканалов
Жаннұр Еділбаева·

News
БАҚ өкілдері ағартушылық жұмыс арқылы елдік мүддеге қызмет ету керек - Нұркен Асанов
Жаннұр Еділбаева·

News
Жеребьевка в ЦИКе: в каком порядке партии будут представлены в бюллетене?
Жаннұр Еділбаева·

News
Орталық сайлау комиссиясында жеребе тарту өтті: саяси партиялар сайлау бюллетенінде қандай ретпен орналасады?
Жаннұр Еділбаева·