Todayinfo.kz
NewsView all articles

Президент атынан Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялауға қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыс етілді

Бүгін Таяу Шығыс өңірінде әуе кеңістігінің жабылуына байланысты биылғы ақпан айында эвакуациялық іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге елеулі үлес қосқан авиация саласының өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. Марапаттарға мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлері, әуе компания

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Президент атынан Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялауға қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыс етілді

Бүгін Таяу Шығыс өңірінде әуе кеңістігінің жабылуына байланысты биылғы ақпан айында эвакуациялық іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге елеулі үлес қосқан авиация саласының өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттарға мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлері, әуе компаниялары мен әуежайлар мамандары, ұшу экипаждарының мүшелері, жерүсті қызметтерінің мамандары және саланың басқа да өкілдері ұсынылды.

Мемлекеттік наградаларды Мемлекет басшысының атынан Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр табыс етті.

Related

Президент атынан Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялауға қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыс етілді · Todayinfo