Президент бүгін Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялайды
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария етеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бұл - Президенттің 8-ші Жолдауы. Мемлекет басшысы Жолдауларын жыл сайын қыркүйек айында,

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария етеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұл - Президенттің 8-ші Жолдауы. Мемлекет басшысы Жолдауларын жыл сайын қыркүйек айында, Парламенттің жаңа сессиясының ашылу рәсімінде жасап келді. Қаңтар оқиғасы болған 2022 жылы Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа 2 Жолдау арнады. Оның біріншісі – наурызда, ал екіншісі қыркүйекте жарияланды.
Осы екі Жолдаудың біріншісі еліміздегі тың саяси реформаларға жол ашты. Нақтырақ айтқанда, Президенттің тым көп өкілеттігін қысқарту, Парламенттің рөлін арттыру, Президенттің Сенаттағы квотасын 15-тен 10 депутатқа дейін азайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі квотасын жою, Сенатқа Мәжіліс қабылдаған заңдарды тек мақұлдау немесе мақұлдамау құқығын беру, Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақтау, мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Парламенттің төменгі палатасына өзінің кемінде бір депутатын сайлау, Партияларды тіркеу рәсімін едәуір жеңілдету сынды бастамалар ұсынылып, кейіннен жүзеге асырылды.
Фото: Ақорда
Related

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·